Қызылордалық Р. Гайнеев велотректен Азия кубогында күміс жүлде иеленді

Аймақ
25.11.2015, 13:45

Жақында Үндінің  Дели қаласында 12 мемлекет қатысқан  велотректен  Азия кубогы аяқталды. Аталмыш бәсекеде Қазақстан құрама командасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Роберт Гайнеев 4 шақырымдық командалық жарыста сынға түсіп, екінші орынды еншіледі, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Ол бұған дейін тректен Азия чемпионы (Индонезия 2012 ж.) атанса, шосседен жекелей жарыста Азия чемпионатының (Малайзия, Куала-Лумпур 2012 ж.) және  тректен жастар арасында Әлем чемпионатының (Жаңа Зеландия, Инверкаргилле  2012 ж.) қола жүлдесін иеленді

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Робертті жарысқа Руслан Ягафаров дайындады.

Дерек көзі: inform.kz

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/11/22.jpg"]

 

Сұхбат

PhotoRoom