Қызылордада Т.Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтпек

Аймақ
25.11.2015, 14:04

27-28 қараша күндері Қызылорда қаласында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Биылғы жылы бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 14 команда қатысады.

Жарыс ұлдар арасында 7 салмақ дәрежесінде (42, 46, 51, 57, 64, 72, +72 келі), қыздар арасында 3 салмақта (40, 44, 63 келі) өткізіледі.

Сұхбат

PhotoRoom