«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды

Аймақ
25.11.2015, 14:26

Республика  көлемінде  Әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) сәйкес, жыл сайын 25  қараша – 10  желтоқсан  аралығында  «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізіледі. Аталған акция Қызылорда облысының барлық аумағын қамтиды. Бұл туралы  Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Акцияны өткізудің негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерте және жолын кесе отырып, халыққа таныстыру, зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру болып табылады.

Өткізілетін акция туралы ақпараттары бар буклеттерді халық көп шоғырланған (демалыс саябақтарында, орталық алаңдарда, базарларда және т.б.) жерлерде түсіндіру және тарату үшін дауыс ұлғайтқыш құралдармен жабдықталған көшпелі ұтқыр топтар құрылды.

Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған адамдар, сондай-ақ қолайсыз отбасылар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру  жұмыстары  жүзеге асырылып, учаскелік полиция инспекторлары жаднамалар мен буклеттерді үлестіре отырып, қызмет көрсететін әкімшілік учаскілерді күн сайын аралауда.

Акцияны өткізу кезеңінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарына отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарды, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдерді жұмысқа орналастыру туралы ұсыныстар  еңгізілетін  болады.

Сұхбат

PhotoRoom