КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР БАЙҚАУЫ

Аймақ
25.11.2015, 15:25

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қызылордада облыстық ішкі саясат басқармасы және «Азаматтық Альянс» қауымдастығы көпбалалы аналар байқауын ұйымдастырды. Бұл туралы kyzylorda-news.kz хабарлады.

«Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік жобасы аясындағы «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты сайыста қатысушылар өз-өзін таныстыру, мақал-мәтел айту, дорба тігу сынды тапсырмаларды орындады. Осылайша ой ұшқырлығын, қимыл шапшаңдықтарын байқатты.

Нәтижесінде І орынды төрт баланың анасы Әмина Бизақова, ІІ орынды төрт баланы бағып-қағып, енді бесіншісін күтіп отырған Әйгерім Смайылова, ал ІІІ орынды бес ұл-қыз сүйген қазақтың келіні Елена Белякова иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom