Сыр елінің жанашыры «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Аймақ
25.11.2015, 15:40

Аудандық мәслихат депутаты, «Мағжан және К» ЖШС директоры Дархан Ералиевтің  көп жылғы жарқын еңбегі еленіп, еңбекқор азамат «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 15 қарашада өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жиынында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен ауыл шаруашылығының вице-министрі Сапархан Омаров Дархан Ералиевке төсбелгіні салтанатты түрде табыс етті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол туған жерін түлету жолында аянбай еңбек етіп, өзі басқаратын шаруашылығын дамытып, елдің гүлденуіне елеулі үлес қосып келеді. Дархан Жұмашұлы облыстағы ең іргелі, көрсеткіші жоғары шаруашылыққа жетекшілік ете жүріп, талай рет биік көрсеткіштерге жетті.

Ауылының жанашыр азаматы Дархан Ералиев елді-мекеннің гүлденуіне лайықты үлес қосумен қатар жыл сайын жергілікті басылымға өз ұжымын жаздыруға әрдайым белсенділік танытады. Біз еңбекте ерекшеленген Дархан Жұмашұлын ауыл шаруашылығы саласындағы марапатымен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасына бақыт тілейміз.

Сұхбат

PhotoRoom