ҚЫЗЫЛОРДАДА НАЗАРБАЕВ ОҚУЛАРЫ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

Аймақ
26.11.2015, 16:23

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұлы дала төсінде – Мәңгілік ел» атты Назарбаев оқулары апталығы өтуде. Бұл туралы kyzylorda-news.kz хабарлады.

Шараны ұйымдастырудағы мақсат – Елбасының өмірі мен атқарған игілікті істері туралы мәліметтерді халыққа кеңінен насихаттау, жас буынды елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ұлт көшбасшысының салиқалы саясатының арқасында мемлекеттігіміз орнап, әлемге танылғанымыз анық.

Апталықтың ашылу рәсімінде облыстық филармония әншілері көрермен назарына концерттік бағдарламасын ұсынды. Оқырмандар «Елбасы, «Нұрлы жол», Мәңгілік ел – Қазақстан болашағының үштағаны» атты кең көлемді кітап көрмесін тамашалады.

Сұхбат

PhotoRoom