Президент сынақ алатын әкімдер

Жаңалықтар
19.06.2014, 11:04

 

     www.sayasat.org сайтының мәліметтеріне қарағанда жаз сайынғы дәстүр бойынша, Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен облыстарды аралайды. Жақын арада Президент ат басын бұруы мүмкін аймақтардың бірі – Ақтөбе облысы. Жергілікті шенеуніктер қазірдің өзінде белсенді түрде жиындар өткізіп, Елбасыға сынақ тапсыруға әзірленіп жатқанға ұқсайды. Ақтөбелік аппаратшылар тым қысқа уақыттың ішінде жетістіктерін Президентке жеткізіп үлгеруі керек. Нұрсұлтан Назарбаев бұл облысқа соңғы рет Е. Сағындықов басқарған тұста барған. Ал қазіргі әкім Архимед Мұхамбетов ай сайынғы әкімдердің рейтингісінде аутсайдерлер тобына жайғасқан.

    Дайындығы Ақтөбеден асып түспесе, кем түсіп жатпаған Павлодарда басшылық ауысқанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Солтүстік өңірде орналасқан облыс үшін жаңа әкім Қанат Бозымбаев та Президентті Павлодарда алғаш рет қарсы алады. Сондықтан оған өзін дағдарыс-менеджері, тиімді басқарушы ретінде көрсету міндеті тұр. Елбасы бұл өңірге осыдан тура бір жыл бұрын аялдаған. Жамбылдан сенім артылып Павлодарға жіберген Қ. Бозымбаевдің әкімдер арасынағы беделі жоғарылап келе жатқанын айта кеткен жөн.

    Үшінші кезекте Шығыс Қазақстан облысы тұр. Облыс әкімі қызметін атқарған 12 жылы Бердібек Сапарбаевты аймақ басшыларының корифейі етті. Президентті ол ШҚО-да былтыр 24-маусымда қабылдаған болатын.

 

Сұхбат

PhotoRoom