Мырзахметов азаматтарды қабылдады

Жаңалықтар
24.12.2015, 13:52

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініштерімен келген азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында өзге өңірлердегі азаматтар өтініштерін онлайн жүйесінде жолдады.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері қарапайым халықтың мұң-мұқтажын шешудің тиімді тетігі ретінде қалыптасып отыр.

Қоғамдық қабылдаулар қызметкерлері іс-қимылының арқасында 2015 жылдың он айының ішінде әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топқа жататын азаматтарға жалпы сомасы 9 миллион теңгенің материалдық көмегі көрсетілді. Жалпы сомасы 17 миллион теңге болатын төленбеген жалақыға қатысты даулар реттелді.

«Нұр Отан» партиясы үшін ең маңыздысы - азаматтардың мәселелерін жедел әрі нақты шешуге барлық жағдайды жасау. Бұл - Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барша партияластарға жүктеген ең негізгі міндеті», - деп атап өтті А.Мырзахметов.

Бұл үшін тұтас еліміз бойынша 241 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеуде. Осы жылдың 11 айы ішінде қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан 81 860 өтініш түскен. Оның ішінде, мәселелердің  16 852-і (21%) оң шешімін тапты, 61 977 (76%) өтініш бойынша нақты түсініктемелер берілді.

Осының ішінде 15 093 адамды «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттары қабылдаса, 7 843 азаматты барлық деңгейдегі әкімдер мен олардың орынбасарлары, 17 055 тұрғынды мемлекеттік органдар басшылары қабылдаған. 1410 азаматтың өтінішін заңгерлер қарастырған. Бірыңғай Call-орталыққа 8 432 қоңырау шалынған.

Сонымен қатар, бүгінде «Электрондық партия» арқасында кез келген азамат «Нұр Отан» партиясына онлайн режимінде өтініш білдіре алады. Жылдың басынан бастап «Депутат блогы» іске қосылды, бұл Мәжілістегі партия фракциясының кез келген мүшесіне жеке өтініш жолдауына мүмкіндік берді.

Бұған қоса жақында партияның «Жедел желісі» және WhatsApp  мессенджері іске қосылды.

Сұхбат

PhotoRoom