"Нұр Отан" 127 үміткерінен 84-ін іріктеп алды

Рейтинг
24.03.2016, 12:20

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен партия Саяси Кеңесі Бюросының отырысы болып өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттық мандатты бөлу реті анықталды.

Шараға «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, партия Орталық аппаратының басшылығы қатысты.

Саяси Кеңес Бюросы, партияның басшылық органы ретінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес үміткерлердің партиялық тізіміне енгізілгендердің арасынан депутаттық мандатты бөлу ретін анықтайды. Осыған орай отырыс барысында партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына үмкіткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына тіркелген «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің кандидатуралары талқыланып, нақты тізімі бекітілді.

Отырыс барысында болашақ депутаттық корпус құрамына қатысты өз пікірлерін Бюро мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі А.Башмаков және «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Төрағасы Ө.Шүкеев (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев) айтты.

Партияның Саяси Кеңесі Бюросы жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттық мандатын бөлу ретін анықтау туралы қаулысы қабылданды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Парламент депутаттары тізіміне енген барлық партия мүшелерін құттықтап, алдағы кезеңдегі міндеттерге тоқталды.

Партия Үкіметпен бірлесіп, «Қазақстан 2021 – Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуі қажет, 5 ауқымды реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты және де «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша партиялық мониторингті жалғастыру, елдегі бірлік, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндік жасау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру, орталық пен жергілікті жерлердегі фракциялардың жұмысында халықты толғандыратын мәселелерді біліп, оларды шешуге баса назар аудару қажет.

Партия Төрағасы партияның және филиалдардың Саяси кеңестері Бюроларына жуық арада партия фракцияларын құрып, қабылданған тәртіп бойынша оларға айтылған міндеттерді жеткізуді тапсырды.

Еске сала кетейік, сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82,2% дауысын жинап, Мәжілістегі 84 орынға ие болды.

1. М.Айсина

2. З.Аманжолова

3. И.Аронова

4.С.Ахметов

5.Б.Абдирайым

6.Н.Абдиров

7.М.Ашимбаев

8.А.Базарбаев

9.З.Балиева

10.Е.Бектурганов

11.А.Бектурганов

12.Г.Бижанова

13.М.Бопазов

14.С.Бычкова

15.А.Дауренбаев

16.Н.Дулатбеков

17.ЖДуйсебаев

18.С.Дьяченко

19.А.Ералиев

20.К.Ержан

21.М.Ерман

22.Б.Ертаев

23.К.Жабагиев

24.А.Жаилганова

25.К.Джакупов

26.А.Жамалов

27.Ж.Жарасов

28.Б.Жылкышиев

29.С.Звольский

30.Г.Иксанова

31.С.Имашева

32.Г.Исимбаева

33.П.Казанцев

34.Ф.Каратаев

35.Б.Кесебаева

36.И.Клименко

37.Е.Козлов

38.У.Кайназаров

39.С.Каныбеков

40.К.Каракен

41.Г.Карагузова

42.А.Кожахметов

43.А.Курманова

44.С.Кусаинов

45.Б.Мамыраев

46.М.Махамбетов

47.Б.Макен

48.К.Мусин

49.К.Мусырман

50.А.Нуркина

51.Ж.Нурманбетова 

52.В.Олейник

53.Ж.Омарбекова

54.С.Омаров

55.Б.Оспанов

56.О.Оксикбаев

57.С.Отебаев

58.Ш.Отемисов

59.А.Платонов

60.М.Пшембаев

61.Н.Сабильянов

62.А.Сапарова

63.С.Сейдуманов

64.С.Симонов

65.Р.Скляр

66.Б.Смагул

67.А.Смагулов

68.А.Суслов

69.К.Султанов

70.А.Тасболатов

71.М.Темиржанов

72.Б.Тлеухан

73.М.Тиникеев

74.И.Унжакова

75.С.Умбетов

76.Б.Хаменова

77.Т.Хитуов

78.М.Чирков

79.П.Шарапаев

80.Г.Шиповских

81.О.Шишигина

82.Г.Щегельский

83.Б.Измухамбетов

84.Т.Яковлева

Сұхбат

PhotoRoom