Халық қаһарманының жаңа ведомстваның су жаңа вице-министрлеріне көңілі толмайды

Рейтинг
25.11.2016, 19:11

%d0%b1%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d1%82%d0%b6%d0%b0%d0%bdПарламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев жақында ғана құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегі жаңа кадрлық тағайындауларға көңілі толмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, жаңа ведомстваға әскери адамдар келуі қажет. 

"Мен жақында Бейбіт Атамқұловпен (ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрі) кездестім. Ол жерде бірде-бір әскери адам жоқ. Жақында ғана екі вице-министрін тағайындады. Екеуі де әскери немесе басқа да күштік құрылымға жатпайтын адам. Бұл не? Сол баяғы тамыр-таныстық па? Бұлай болмауы керек. Ең болмаса екі вице-министрдің біреуі әскери адам болуы керек. Тәжірибелі, сол саланы бүге-шүгесіне дейін білетін адам болуы қажет. Біреуі спортпен айналысады екен (вице-министр Арман Рамазанов туралы), бұлшық еттері білеуленіп тұр екен. Бірақ, бұл жер мускол көрсететін жер емес. Бірақ, ол танк пен БТР-ды ажырата алмаса не керегі бар" дейді депутат, әскери қайраткер, генерал-лейтенант,  Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев Астанадағы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытын аралаған сәтінде.

photo_200431 91fbd8ec5946f4b41eca982b7b391998

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана аталмыш ведомстваның вице-министрі болып тағайындалған Арман Рамазанов спортпен шұғылданады, сондай-ақ, бұлшық еттерін көрсеткен бірнеше фотоларын әлеуметтік желілерде салған екен.

"Сайгез-ақпарат"

 

Сұхбат

PhotoRoom