ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ БІРІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ

Рейтинг
01.07.2020, 14:36
ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ БІРІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ

Екі шекті болса да мүмкіндігі кең, ұлттық домбыра қазақ тарихындағы түрлі оқиғалар желісін қойнына сыйдырып, ғасырлардың сырын сақтап, бүгінгі күнге жеткізген, - қазақ елінің көнекөз шежіресі, айнымас бөлігі құдіретті аспап. Домбыраның қасиетін Дина Нұрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығай, бүгінде сол белгілі тұлғалардың ізін басып келе жатқан, көрнекті күйшілерімізді биікке алып шығып, есімдерін көпке танытып, олардың күйшілік өнерін дәріптеуге себеп болған дүниенің бірден бірі де – осы қасиетті қара домбыра болса керек. Сондықтан, Тұңғыш Президентіміз де оны жоғары бағалап, өскелең ұрпақ алдындағы құндылығын ескеруде. Әсіресе, бүгінгідей санамызды рухани жаңғырту қолға алынып жатқан тұста мұның рөлі ерекше деп білеміз.

-Ұлттық домбыра күні рухани жаңғыру жолындағы ұлттық мерекелердің біріне жатады. Өнерімізді өрістетіп, ұлтымызды біріктіретін домбыра Елдігімізді таныта отырып, күй, терме, ән өнерінің қалықтауында өзіндік рөлге ие болған домбыраның алар орны қашан да ерек. Алдағы уақытта да бабалардың мұрасы болған домбыра үні өшпесін дейміз.

Сұхбат

PhotoRoom