Тазалық жаршысы

Рейтинг
02.07.2020, 19:56
Тазалық жаршысы

Мархабат Құдайбергенова Шымкент қаласын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына елеулі еңбегін сіңірген азаматша деп айтуға болады. Бұлай дейтініміз, Мархабат Ақанқызы бұл жұмысқа осыдан тура 13 жыл бұрын кірісті. 2007 жылдың сәуір айынан бері "ЛТД Тұрмыс" ЖШС-нде жұмыс жасап келеді. Мархабат 4 баланың анасы. Асыраушысынан айырылған ол балаларының қамы үшін ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Мархабат Құдайбергенова бүгінгі таңда жұмысшылардың жағдайы жақсы екенін жеткізді. Жалақы баяғыдай аз емес, бұған қоса уақтылы төленетіндігін айтты. "Төтенше жағдай кезінде жұмысшылар тиісті санитарлық-тазалық құралдарымен қамтамасыз етілген. Біздің тарапымыздан жұмысқа уақтылы келіп, адал еңбегімізді атқарсақ болды", - деді ол. Сондай-ақ, жұмысшылардың жағдайын қашан да бақылауда ұстайтын кәсіподақтарға Мархабат Ақанқызы алғыс айтуды да ұмытпады.

Сұхбат

PhotoRoom