Ардагерлер ұйымы көгалдандыру мәселесін көтерді

Рейтинг
05.07.2020, 20:51
Ардагерлер ұйымы көгалдандыру мәселесін көтерді

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданындық ардагерлер кеңесінің атқарып келе жатқан жұмыстары ауқымды. Әрдайым аудан аумағындағы өзекті мәселелерді қаузап, әкім назарына жеткізіп отыратын ақсақалдар қауымының атқарар ролі зор. Қаланың әлеуметтік дамуынан бастап, қала тазалығына дейін назардан тыс қалдырмайтын аудан қариялары ұдайы жастарға жөн сілтеп, игі істерге жұмылдырып отырады. Аудандағы өзекті мәселелерді талқылау, алдағы жоспарларды жоспарлау мақсатында әр елдімекендегі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары көгалдандыру мәселесінде де аудан әкімдігінің қол ұшын беруін өтінген болатын. Қазыналы қарттардың тал егіп, айналаны көгалға айналдыру идеясы әкім тарапынан қолдау тапты.

Сұхбат

PhotoRoom