Участоктар бойынша ағаштарға санақ жүргізді

Рейтинг
08.07.2020, 12:05
Участоктар бойынша ағаштарға санақ жүргізді

Шымкент қаласындағы "Жасыл белдеу" КММ-не қарасты Қайнарбұлақ орманшылығының орман екпелеріне көктемгі түгендеу жұмыстары жүргізілді. Жасыл желектерді түгендеу, яғни тал басын санау, жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамасы жан-жақты көрсетілген, көгалдандыру нысандарын есепке алу жөніндегі кешенді шара болып табылады. Мамандар өзара бөлініп, участоктар бойынша ағаштарға санақ жүргізді. Ағаштарды түгендеу жұмыстары жоспарлы негізде көктемде және күзде жүргізіледі.

Сұхбат

PhotoRoom