Балуан мен бапкер Серік Сәпиевке қатысты жағдай бойынша кешірім сұрады

Жаңалықтар
27.02.2023, 13:06

Гольцман эмоцияға беріліп, артық сөз айтқанын мойындады

Балуан мен бапкер Серік Сәпиевке қатысты жағдай бойынша кешірім сұрады
скрин: видео

Әлеуметтік желіде Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде файтер Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцманның бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен болған жанжалға байланысты кешірім сұраған видеосы тарады.

«Құрметті қазақстандықтар, жасаған әрекетім үшін кешірім сұраймын. Ереже бұздым және менікі қате болды. Сосын ойында эмоциямды ұстай алмадым, Серік Сәпиев – халқымыздың мақтанышы, эмоциямен ойланбай жасаған әрекетімді кешіріңіз. Бұл енді қайталанбайды», - деді Мусиханов.

Гольцман эмоцияға беріліп, артық сөз айтқанын мойындады.

«Менікі дұрыс болмады, сондықтан шәкіртім екеуміз жасаған барлық қылығымыз үшін кешірім сұраймын. Біз батырымызға, Олимпиада чемпионына, барлық спортшыларға құрметпен қараймыз және Серік ағаны спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметтеймін. Біздің іс-әрекеттеріміз чемпионымыздың беделіне нұқсан келтірмеуі керек, жағдайдың бұлай болғанын қаламадық. Бәріне өзіміз кінәліміз. Болған жайт үшін кешіріңіздер», - деді жаттықтырушы қазақстандықтарға.

Сұхбат

PhotoRoom