Көбейтұзға көлігімен баса-көктеп кірген жүргізуші кешірім сұрады

Жаңалықтар
23.07.2020, 18:08

40 жастағы ер адам өз әрекеті үшін қатты өкінетінін айтты

Көбейтұзға көлігімен баса-көктеп кірген жүргізуші кешірім сұрады
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Көбейтұз көліне көлігімен кіріп кеткен азаматтың фотосы тараған еді. Ақмола облысының полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, жауапқа тартты. Тіпті, оған Әкімшілік кодекстің 364-бабы бойынша ескерту жарияланып, 434-бабының ІІ тармағы бойынша 5 АЕК (13 890 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Бүгін Көбейтұзға көлігімен баса-көктеп кірген жүргізуші ел алдында кешірім сұрады. Кінәлі азаматтың айтуынша, ол жұмыс барысымен Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұзға бара жатқан. Содан соң жол-жөнекей көпшілік аузынан тастамай айтып жүрген Көбейтұз көлін көрмек болған. Бұл туралы Polisia.kz порталы жазды. 

«Әрине, мен артық кеттім, көлге көлікпен баса-көктеп кіргенім үшін кешірім сұраймын. Кәрі емеспін, жаяу баруға да болар еді. Бұл әрекетім әлеуметтік желілерде қатты талқыға түсіп жатыр, мен тағы да бәріңізден кешірім сұраймын. Жасым 40-та, бірақ мұндай қадамға барамын деп ойламаппын...», - деді ол.

Бұл жағдай тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құлағына жетті. Тоқаев азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұрғанын айтып қалды. Тіпті, Президент бұл мәселені ведомство басшылары қарастыруы керегін тапсырды.

Сұхбат

PhotoRoom