Өмірзақ Шөкеев: Шорнақтағы төбелеске қатыспақ болған 80 адамды кері қайтардық

Аймақ
25.07.2020, 22:34

Аймақ басшысы Шорнақтағы жағдай бақылауда екенін айтты

Өмірзақ Шөкеев: Шорнақтағы төбелеске қатыспақ болған 80 адамды кері қайтардық

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев Шорнақ ауылында болған жанжал туралы пікір білдіріп, жағдай бақылауда екенін айтты.

«Полиция, ҰҚК, прокуратура өкілдері бірінші күннен бастап осында жүр. Елдің ақсақалдарына, үлкендеріне рахмет айтқым келеді. Шорнақ елдімекенінің азаматтары мұндай жағдайда қалай қимылдау керектігінің үлгісін көрсетті деп ойлаймын. Арамызда бір иығын төбелеске беріп жүретіндер көп. Осы төбелеске қатыспақ болған 80-ге жуық адамды тоқтаттық, олардан жауап алдық. Әрқайсы әр жақтан келген, сол төбелеске қатысу үшін. Ұлтаралық деген мәселе жоқ бұл жерде, қатардағы, күнделікті бұзақылық. Арандатуға жол берілмейді. Жаңа ғана сөйлестім, Президент бұл жағдайды бақылап отыр» - деді аймақ басшысы. 

Еске салайық, 21 шілдеге қараған түні Түркістан облысының Шорнақ ауылында жергілікті тұрғындар арасында төбелес болып, төрт адам жараланды. Олардың бірі – полиция инспекторы. Тәртіп сақшысы оқиға орнына қызмет бабымен келіп, төбелесті тоқтатпақ болған.

Сұхбат

PhotoRoom