Рейд: Шымкентте түнімен жұмыс істеген ойынхана мен кафелер анықталды

Аймақ
27.07.2020, 11:11

Шымкент қаласында карантиндік шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылған

Рейд: Шымкентте түнімен жұмыс істеген ойынхана мен кафелер анықталды
фото: moon.kz

Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінің №25, 26, 27 қаулыларына сәйкес, карантин және шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылған.

Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірқатар кәсіпкерлік нысандардың карантин ережелерін елемей, жұмысын жалғастырғаны белгілі болды. 24 шілде күні сағат 22:35 шамасында Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы Шымкент қаласы Дулати көшесі №122 үйде орналасқан «Ықылас» кафесінің жұмыс істеп жатқанын анықтаған.

Сондай-ақ Еңбекші ауданы полиция басқармасы рейдттік шара барысында 24 шілде күні сағат 22:00-де қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды өрескел бұзған, Сайрам көшесінің бойында орналасқан «King House» ғимаратындағы компьютерлік ойынхананың жұмыс істеп тұрғаны анықталды.

Рейд кезінде дәл осы Сайрам көшесі бойында орналасқан «Сұлтан» кафесінің ішінде бір топ азаматтардың тамақтанып отырғаны анықталды. Осыған байланысты аталған заңбұзушылықтар бойынша жинақталған іс-құжат Әл-Фараби және Еңбекші аудандарының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына жолданды.

Сұхбат

PhotoRoom