3 тамыздан бастап Қазақстанда шаштараз, балабақшалар ашылуы мүмкін

Әлеумет
28.07.2020, 12:17

Көпшілік іс шаралардың барлық түріне әзірге рұқсат жоқ

3 тамыздан бастап Қазақстанда шаштараз, балабақшалар ашылуы мүмкін
Фото: inbusiness.kz

Егер Қазақстанда коронавирусқа қатысты ахуал тұрақтанып, ауруханадағы жатын орындардың жүктемесі 70%-дан аспаса, коронавирус анықталғандар мен одан көз жұмғандар саны азайса, 3 тамыздан бастап карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдетіліп, бірқатар нысандарға жұмысын қайта жандандыруға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Премьер-министрдің атына ұсыныс жасады.

  • Атап айтқанда, елде ахуал реттелсе, төмендегі нысандар қайта ашылуы мүмкін:
  • Ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері - шектеулі уақытпен, күндіз жұмыс істейді;
  • Азық-түлік және басқа да базарлар;
  • Балаларға арналған коррекциялық кабинеттер, білім орталықтары, дамыту орталықтары, үйірмелер (топта 5 баладан артық емес), мектепке дейінгі орталықтар;
  • Сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық орталықтар, маникюр, педикюр салондары.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік және басқа да кеңселік қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуді жалғастырады. Сондай-ақ келесі шаралар мен нысандардың жұмысына әзірге тыйым салынады:

  • Көпшілік іс шаралардың барлық түріне;
  • Көңіл көтеру орталықтарының, кинотеатрлардың жұмысына;
  • фуд-корттардың, банкеттік залдардың, ресторандардың, барлардың, түнгі және ойын клубтарының жұмысына;
  • мәдени орталықтар жұмысына, музейдің ашылуына;
  • көрме, конференция өткізуге;
  • спорт сарайларының, фитнес-залдардың, бассейн, жағажай, аквапарктер жұмысына ;
  • діни нысандарға;
  • қала сыртына жүретін электричка пойыздардың, (жұмыс пойыздарын ескермегенде), қалааралық автобустардың жүруіне тыйым салынады.

Сұхбат

PhotoRoom