Нұр-Сұлтандағы 30 мың адамға шақталған алып мешіттің құрылысы жүріп жатыр

Фоторепортаж
04.08.2020, 14:11

Алтай Көлгіновтің айтуынша, мешіт демеушілердің қаржысына салынып жатыр

Нұр-Сұлтандағы 30 мың адамға шақталған алып мешіттің құрылысы жүріп жатыр
Фотолардың авторы: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Қабанбай батыр даңғылында салынып жатқан республикадағы және Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімі Instagram-парақшасында жариялады.

«Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел арасында орналасқан мешіттің құрылыс барысымен таныстым. Сыйымдылығы 30 мың адамға есептелген. Бұл мешіт – еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Құрылыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, түрік компаниясының демеушілік қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр. Өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту бойынша жұмыстар жүргіземіз. Алаңдағы құрылыс жұмыстары санитария нормаларын қатаң сақтай отырып жүргізілуі тиіс», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Жаңа мешіттің аумағы - 9,4 гектар. Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр болмақ.

Мешіт мұнарасының биіктігі 130 метр, ал негізгі күмбездің биіктігі 88,2 метр болады деп жоспарланып отыр.

Ерлерге арналған ғибадат залына бір уақытта 15 мың адам сыйып кетеді, ал әйелдердің ғибадат залы 3 мың адамдық болады. Аулаға тағы 12 мың адам сыяды.

Сұхбат

PhotoRoom