Шымкенттік спортшылар Париж-2024 олипиадасына қатысуға 20 лицензия жеңіп алуды жоспарлап отыр

Аймақ
07.08.2020, 18:10

Шымкентте спортты дамытудың 4 жылдық тұжырымдамасы жасалды

Шымкенттік спортшылар Париж-2024 олипиадасына қатысуға 20 лицензия жеңіп алуды жоспарлап отыр
Фото: sports.kz

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт саласындағы бірқатар мәселелерді шешу және дамыту мақсатында 2020-2024 жылдарға арналған спорт индустриясын дамыту тұжырымдамасының пилоттық жобасын әзірледі, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаны іске асыру нәтижесінде шымкенттік спортшылар 2024 жылы Париж қаласында өтетін Жазғы олимпиада ойындарына қатысуға 20 лицензия жеңіп алады, сондай-ақ 5 медаль алу мүмкіндігіне ие болады деп жоспарлануда.

Бұл тұжырымдама қаладағы спорт индустриясын дамытудың негізгі бағыттарын көрсетеді. Атап айтқанда, жаңа спорт нысандарын салу және қайта қалпына келтіру, аула спортын дамыту, білім беру жүйесімен тығыз байланыс орнату, жалпы білім беретін мектептерде резерв даярлау, спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ жаттықтырушы кадрларды тарту және өз кадрларын даярлау.

Сонымен қатар, тұжырымдамада «Damu» бағдарламасы бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, спорт инфрақұрылымын дамыту және спортшыларды даярлау үшін жеке инвесторларды тарту мәселесі қаралған. Бұдан бөлек, 2020-2024 жылдары қалада жоғары дәрежедегі жарыстар өткізу жоспарлануда.

Басқарма мамандарының мәліметінше, спорт индустриясын дамыту тұжырымдамасының іске асуы - қаладағы спорт саласының өркендеп, спортшылардың жарыстағы жетістіктерінен көрініс табатын болады дейді.

Сұхбат

PhotoRoom