2,2 млн-нан астам қазақстандыққа 21 250 теңге төлемі берілді

Әлеумет
10.08.2020, 09:47

Карантин кезінде табысын жоғалтқандар шілде-тамыз айлары үшін 63 750 теңге төлемін 2 млн 250 мыңнан астам қазақстандық

2,2 млн-нан астам қазақстандыққа 21 250 теңге төлемі берілді
Фото: sputniknews.kz

10 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша6 біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 508 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 257,3 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 241,6 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 508 мың өтінімнің ішінде:

  • 835,1 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
  • 641 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 381,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 650,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Санаттар бойынша:

  • 835,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
  • 231,1 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
  • 1 млн 441,8 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Сұхбат

PhotoRoom