Балалардың жолдағы қауіпсіздігі басты назарда

Жаңалықтар
05.04.2023, 22:08
Балалардың жолдағы қауіпсіздігі басты назарда

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы аясында бүгін Шымкент қалалық ПД қарасты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция тобының инспекторлары оқушыларға жол ережелерін түсіндірді. Осы орайда, іс-шараға қолдау білдірген «Идирис – Сервис» ЖШС балаларға барынша түсінікті болуы үшін кітапшалар таратып, жол қағидасының қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.


Қорқыт ата атындағы №22 жалпы орта мектебінің алдымен,  бастауыш сынып оқушыларына жол ережелерін түсіндірген  Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары әсіресе, қауіпті қиылыстарда барынша сақ болуға шақырды.

Жол ережелерінің балаларға барынша түсінікті болуы үшін кітапшалары мен жадынама қағаздары таратылды. Осы орайда, іс-шараға қолдау көрсетіп отырған «Идирис – Сервис» ЖШС мектеп маңайындағы жол белгілерін жаңартып беретіндігін жеткізді.

Наурыз айының 27-нен сәуірдің 10-на дейін жалғасатын республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында  жоғары сынып оқушыларына жол ережелері, жақында ғана орын алған қайғылы оқиғалардың қалай болғаны жайында айтыла отырып түсіндірілді. Бұл ретте, тәртіп сақшылары  балалардың жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шегуі, жарақат алуының алдын-алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қатаң сақтауы маңызды екеніне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.  

Жиында жоғары сынып оқушылары өздерінің көкейіндегі сауалдарын  қойып, білмейтін жол белгілерін сұрастырды. Сондай-ақ, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын сақтауға шақырған демеушілер жиын соңында оқушыларға спарттық киімдер мен құрал жабдықтар табыстады.   

Сұхбат

PhotoRoom