Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Аймақ
10.08.2020, 15:44

Бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болған Қосман Айтмұхамбетов 15 шілдеде қайтыс болды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен бұл қызметті Арман Жетпісбай атқаратын болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Қосман Айтмұхаметов 57 жасында дүниеден өтті.

Жаңадан тағайындалған Арман Шәріпбайұлы Жетпісбай 1971 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Куйбышев ауылында дуниеге келген. Білімі жоғары. 1993 жылы - Қазақ химия-технология институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2002 жылы - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Сұхбат

PhotoRoom