Футболға 18 мың көрермен жиналды

Жаңалықтар
10.04.2023, 23:22
Футболға 18 мың көрермен жиналды

Футболдан ел чемпионатының 5- тур ойындары өтті. Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда «Ордабасы» мен «Ақтөбе» кездесіп, екі команда тең тарқасты. Алаң иелері жеңіліп тұрып ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда есепті теңестіріп кетті. Алтын голдың авторы Ұлттық құраманың ойыншысы Сергей Малый.

Ел чемпионы болады деген Ордабасының жанкүйерлері екі ұдай күй кешті. Командамыз өткендегі Астанадан жеңілісінен кейін  бас көтере алар емес. Ақтөбе сол Астананы Елорда төрінде 1-4 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Ақтөбені Шымкенттен шыққан Андрей Карпович басқарады. Ал Ордабасыны баптайтын Александр Седнев сол Ақтөбені басқарып сол елдің құрметін көрген маман болып табылады. Кездесу бірден қонақтардың шабуылымен басталды. Ойынға төрелік еткен қарағандылық Артем Кучин қонақтарға жиі бүйрегі бұрып бірнеше сәттерде Ордабасы командасына мүмкіндік бермеді.Тіпті бір емес екі голды ВАР жүйесімен қарап есепке алмады. Еліміздің көп командалары осы төрешіден көп запа шеккенін айтады.  Ойынның 65 минутында Ақтөбе шабуылшысы Уго Видман  алаң иелерінің айып алаңында қорғаушы Малыйды қапы қалдырып 3 метр жерден допты торға түсірді. Есеп 0-1.

Түнгі сағат 11 де өз командасын қолдауға келген жанкүйердің үмітін шет елдерден аттай қалып алдырған  ойыншылар емес өз мектебімізден осы стадионнан тәрбиеленіп шыққан  Еркебұлан  Тұңғышбаев ақтады. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда алмасып шыққан Еркебұланның келуімен ойынға қайта жан біткендей болды. Ойын аяқталып қосымша берілген 6 минутта шымкенттіктер жеңіске бергісіз гол салды. Біріншгі доптың өз қақапамызға енуіне себепкер болған Сергей Малый өз қатесін осындай тамаша голмен жуып шайды. Ойын барысында өзін дәлелдей алмаған өзбек легионері Бобыр Абдихоликовты алмастырған  Айбар Жақсылықовтың тастаған добын Сергей Малый тамаша голға айналдырды. Есеп 1-1

Ал Мақтарал турнир кестесінің ең соңында келе жатқан Каспийді 3-1 есебімен ұтып алғашқы ұпайына ие болды. Ақсу Шахтер Каспий Мақтаарал командалары қауыпты аймақта қалып отыр. Енді Ордабасы 16 сәуір күні өз алаңында Қостанайдың Тобылымен кездеседі. Астана мен Қайрат күш сынасады. Өз командаңызға жанкүйер болыңыз!

Сұхбат

PhotoRoom