Шымкент әкімдігі жеті айда 1500-ге жуық пәтерді пайдалануға берді

Аймақ
12.08.2020, 17:35

Құрылыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артқан

Шымкент әкімдігі жеті айда 1500-ге жуық пәтерді пайдалануға берді

7 айдың қорытындысы бойынша, 1 416 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде, 8-і әкімшілік-іскерлік орталығында, 12-сі Шымкент сити шағын ауданында орналасқан. Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасы мәлімдеді

Тамыз айында Шымкент сити шағын ауданында 10,5 мың шаршы метрді құрайтын 160 пәтерлі 4 үй тапсырылады деп жоспарлануда. Биыл пайдалануға жалпы ауданы 612 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді беру жоспарланған. Жеті айда тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 299,86 мың шаршы метрге жетіп, құрылыс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артты.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданы 1 млн шаршы метр 262 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Оның ішінде, құрылыс басқармасы арқылы бюджет есебінен 92 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.

Айта өту қажет, тұрғын үй құрылысы 2 бағытта, яғни кредитттік және арендалық түрде іске асырылып жатыр.

Сонымен, Әкімшілік-іскерлік орталығында, Шымкент сити және Тұран шағын аудандарында 80 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл 51 кредиттік тұрғын үй тұрғындар игілігіне ұсынылады. Нәтижесінде, 3 284 азамат қолжетімді бағамен баспана сатып алатын болады.

Сондай-ақ, 12 арендалық тұрғын үй салынуда: 8-і әкімшілік-іскерлік орталығында, 4-уі Тұран шағын ауданында. Осы жылы 448 пәтерлі 8 үй пайдалануға беріледі.

Басқарма мамандарының айтуынша, бұдан бөлек нарықтан 696 пәтер сатып алынады. Нәтижесінде, пәтер кезегінде тұрған 1 144 азамат арендалық пәтерге ие болады. Оның ішінде 450-і көпбалалы отбасылар, 394-і әлеуметтік осал топтар және 300-і жұмыс істейтін жастарға беріледі.

Сұхбат

PhotoRoom