САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Жаңалықтар
11.08.2023, 17:12
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Бүгін «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Спартак» су спорт кешенінде 50 м қашықтыққа жүзу  бойынша жастар арасында турнир өтті🏊‍♂️

Турнир жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу, жүзуді ұнататын адамдардың спорттық шеберліктерін жетілдіру мақсатында «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Суда жүзу турниріне қала бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жалпы саны – 68 жас қатысты. Оның 54 - ұлдар, 14 - қыздар арасында бақ сынады.

Турнир қорытындысы бойынша ұлдар арасында:
🥇Ильясов Ердәуіт
🥈Омертай Дулат
🥉Рахманкулов Батырали

Қыздар арасында:
🥇Капитаненко Каролина
🥈Серғазиева Адель
🥉Тастемір Азияда жеңіске жетті!

Сонымен қатар үздік көрсеткіш көрсеткен жастар да Алғыс хаттармен марапатталды.

Баршаңызды жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

Сұхбат

PhotoRoom