Президент Нұрлан Әбдіровті сенатор етіп тағайындады

Саясат
28.08.2020, 12:22

Мемлекет басшысы Сенат депутатын ауыстырды

Президент Нұрлан Әбдіровті сенатор етіп тағайындады

Мемлекет басшысының жарлығымен Сенат депутаты Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды. Сондай-ақ, Президент жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Бектас Бекназаров 1956 жылғы 12 қыркүйекте туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

2011-2013 жылдары - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы.

2013-2014 жылдары - ҚР Жоғары сот кеңесінің төрағасы.

2014 жылдың 11 тамызынан бастап ҚР Президентінің жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындадды. 2016 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Сенаты төрағасының орынбасары болды.

Нұрлан Әбдіров 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

2009-2011 жылдары - төртінші сайланған Мәжілісінің депутаты.

2012 жылдың 20 қаңтардан бастап - бесінші сайланған Мәжілісінің депутаты.

2016 жылдың 25 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Мәжілісінің депутаты, Заңнама жөне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болды.

Сұхбат

PhotoRoom