Судандағы су тасқынынан 90 адам қаза тапты

Әлем
28.08.2020, 18:30

18 мың үй қирап, 32 мыңы бүлінген

Судандағы су тасқынынан 90 адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Суданда толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан 90 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Табиғат апатынан елдің оңтүстік аудандары көп зардап шекті. 18 мың үй қирап, 32 мыңы бүлінген. Ондаған мың тұрғын баспанасыз қалды. Елдегі егістік алқаптарының көбін су басып, экономикаға зор шығын келген. Суданда шілде айынан қазанға дейін жаңбырлы маусым. Алайда мамандар соңғы күндері жаңбыр әдеттен тыс көп жауғанын айтып отыр.

«Мұндай жауынды бұрын соңды көрмеппін. Тек 1948 жылы осындай апат болғаны есімде. Жергілікті биліктің тұрғындарға құм толы қаптар таратқанынан еш қайран болмай тұр. Нілден тасыған су бөгеттерді бұзып, үйлерді басып жатыр», - Хартум қаласының тұрғыны Ахмед Бастауи.

Сұхбат

PhotoRoom