Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға 1.9 трлн теңге қарастырылып отыр

Экономика
04.09.2020, 11:41

Биыл шамамен 300 млрд теңге көлемінде қосымша қажеттілік болуы мүмкін

Жолдаудағы тапсырмаларды орындауға 1.9 трлн теңге қарастырылып отыр
Фото: zakon.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәжілісінде 2021 жылы Мемлекет басшысының жолдауда айтқан тапсырмаларын орындауға 1,6 трлн теңге қарастырылып отырғанын айтты.

«Президенттің Жолдауда берген тапсырмаларын орындауға биылғы республикалық бюджетте тиісті қаржы қарастырылған. Мысалы, тез салынатын 13 жаңа инфекциялық ауруханаға 30 млрд теңге ескерілген. Үкімет резервінен табысы аз отбасылардың балалары үшін компьютерлік техника сатып алуға 70 млрд теңге бөлінді. Қазір 2020 жылғы бюджетті нақтылау аясында қосымшы шығыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

Бірінші вице-премьердің айтуынша, алдын ала есептеу бойынша биыл шамамен 300 млрд теңге қосымша қаржы қажет болуы мүмкін. Бұл ретте медицина қызметкерлеріне қосымша үстемақы, дәрі-дәрмек сатып алу мен басқа да қажеттіліктер қамтылған.

«2021 жылдың бюджетінде Президенттің жолдауда берген тапсырмаларын орындауға 1,6 трлн теңге қарастырылған. Бірінші кезекте медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің еңбекақысын көтеру, шағын және орта бизнестің несие бойынша пайыздық ставкасын субсидиялау, республикалық маңыздағы жолдардың құрылысы, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына, сондай-ақ басқа да бағыттарға арналған шығыстар ескерілген. Басқа тапсырмалар бойынша мемлекеттік органдармен шығыстардың көлемі нақтыланып жатыр», - деді бірінші вице-премьер.

Сұхбат

PhotoRoom