Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының мөлшері артты

Құқық
07.09.2020, 20:29

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының мөлшері артты
Фото: ашық дереккөзден

«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Президент жарлығына өзгеріс енгізілді.

Ақорда сайтында мәлім етілгендей, ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалатын болады.

Құжат мәтінін толық ұсынамыз:

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.».

2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сұхбат

PhotoRoom