Тоқаев ОСК төрағасына тапсырма берді

Саясат
08.09.2020, 17:41

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевты қабылдады

Тоқаев ОСК төрағасына тапсырма берді
Фото: akorda.kz

Президентке осы жылдың 12 тамызында өткен Парламент Сенатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы баяндалды. Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанның сайлау органдарының пандемия жағдайында сайлау өткізудің алғашқы тәжірибесі және сайлауға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санитарлық қызметтермен бірлесіп өткізілген шаралар кешені талқыланды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының сайлау науқанының тәжірибесімен таныстырды.                                 

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Сұхбат

PhotoRoom