Шымкент: Қошқар ата бұлағы абаттанып, ажарлана түсті

Аймақ
01.10.2020, 19:00

Қала тұрғындарының саялайтын бірден бір демалыс орны – Қошқар ата бұлағы

Шымкент: Қошқар ата бұлағы абаттанып, ажарлана түсті

Бұлақтың бүгінгі бастауы абаттанып, ажарлана түскен.

Асанбай Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы МКҚК-ның «Қошқар-ата» учаскесінде күзгі санитарлық тазалық жұмыстары мен қураған ағаш-бұталарды сыртқа шығару жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар, шөптерді ору және бас бұлақтағы ғылыми аймақта санитарлық жұмыстары да қолға алынған.

 Бүгінде өзенде шомылу науқаны мен заңсыз сауда жасау тоқтатылған. Учаске жұмысшылары, Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері тарапынан тазалық және тәртіпті сақтау шаралары толық бақылауда.

Соңғы жылдары бұлақтың маңында бас қосатын тұрғындар қатары артып келеді.

Қазіргі таңда карантин режиміне байланысты мұнда келушілер санитарлық нормаларды сақтауы тиіс.

  

Сұхбат

PhotoRoom