Қырғызстандықтар «Ақ үйді» басып алып, Атамбаевты босатты

Саясат
06.10.2020, 10:28

Он бір жылға сотталған Алмазбек Атамбаевтың жақтастары Бішкектегі митинг кезінде Қырғызстанның бұрынғы президентін босатты

Қырғызстандықтар «Ақ үйді» басып алып, Атамбаевты босатты
Фото: sputniknews.kz

Бішкекте митингіге шыққандар елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратынан босатты.

Еске сала кетсек, кеше Ала-Тоо алаңында оппозицияның наразылық акциясы өтті. Парламент сайлауының алдын ала қорытындысымен келіспейтіндер жиналды. Олар «Ақ үйге» кірмек болғанда, халық пен милиция арасында қақтығыс басталды. Митингіге шыққандар түнде президент аппараты мен «Жогорку Кенеш» парламенті отыратын «Ақ үйге» кірді. Кадрден ғимарат терезесінен лақтырылып жатқан қағаздарды көруге болады.

Кейін наразылыққа шыққандардың бір бөлігі Алмазбек Атамбаевты босату үшін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне аттанды.

Босатылған Атамбаев пен тағы бір саясаткерді Ала-Тоо алаңына жеткізді. Бұдан соң президент ғимараты өртке оранды.

Сұхбат

PhotoRoom