Қырғыстандағы ОСК «Жогоргу Кенеш» сайлау нәтижесін жарамсыз деп таныды

Жаңалықтар
06.10.2020, 14:55

ОСК мүшесі cайлау науқанын абыройсыз өткізгенін мойындады

Қырғыстандағы ОСК «Жогоргу Кенеш» сайлау нәтижесін жарамсыз деп таныды
фото: rambler.ru

Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы 4 қазанда өткен «Жогоргу Кенеш» депутаттарын сайлау нәтижесін жарамсыз деп таныды. 24.kg агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты Қырғызстан ОСК мүшесі Гульнар Джурабаева растаған.

ОСК мүшесінің айтуынша, өзін-өзі тарату мәселесі де талқыланған.

«Меніңше, осы сайлау науқанында біз өзіміздің беделімізге нұқсан келтірдік, сондықтан бұл жағдайда ең дұрыс шешім - мерзімінен бұрын отставкаға кету», - деді Гүлнара Журабаева.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының құрамы «Жогоргу Кенештегі» фракциялар жасақтайды.  

Тегтер:
Қырғызстан

Сұхбат

PhotoRoom