Тараз тұрғынының көлігінен төрт қап марихуана табылды

Аймақ
13.10.2020, 17:27

Ұсталған азамат кінәсін мойындаған

Тараз тұрғынының көлігінен төрт қап марихуана табылды
скриншот: youtube

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Тараз қаласында 30 жастағы жүргізуші басқарған «Нива Шевроле» автокөлігін тоқтатты. Тараздық азаматтың сөйлесу мәнері мен көлік салонынан шыққан ерекше иіс тәртіп сақшыларының күмәнін туғызған.

Көлік толық тексеріліп, нәтижесінде салонннан өсімдік тектес төрт қап кептірілген марихуана табылған.

Жүргізуші ұсталды, аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Сұхбат

PhotoRoom