Шымкент: 15 мыңға жуық раушан гүл көшеттері отырғызылады

Аймақ
13.10.2020, 19:15

Күзгі маусымдағы гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары қолға алынды

Шымкент: 15 мыңға жуық раушан гүл көшеттері отырғызылады

Шымкент қаласының аудан аумақтарында көркейту, көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде күзгі маусымдағы гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары қолға алынды.

Шымкент қаласы Абай ауданындағы 8 шағынаудан, Республика даңғылы және 1-мамыр көшесі бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үй аулаларында бүгінгі таңда 3 мың раушан гүл көшеттері отырғызылды. Аудан әкімдігі ұйымдастырған іс-шараға тұрғындар да қатысып, белсенділік танытты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аулаларды абаттандыру және тұрғындарды осындай игі бастамаға ұйытқы болып, тазалыққа шақыру.

Аудан әкімі Бұқарбай Парманов тағылымды іс-шараның барысымен танысып, алдағы уақытта 15 мыңға жуық раушан гүл көшеттері егілетінін мәлімдеді.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom