Алматыда жеңіл автокөлік құрастыратын жаңа зауыт ашылды

Экономика
15.10.2020, 17:10

1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Алматыда жеңіл автокөлік құрастыратын жаңа зауыт ашылды
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Асқар Мамин Алматыдағы Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. 

Кәсіпорынның жобалық қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың бірлікті, екінші кезеңде жылына 45 мың бірлікке дейін құрайды. Инвестиция көлемі 28 млрд теңгеден асады. 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Телекөпір форматында өткен зауыттың ашылу салтанатына Кореяның сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Мо, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, «Hyundai Motor Company» президенті Ли Вон және «Astana Group» президенті Нұрлан Смағұлов қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom