Коронавирус жұқтырған 7,7 мың медқызметкер 2 млн теңгеден өтемақы алды

Әлеумет
16.10.2020, 12:18

Індеттен қайтыс болған барлық 182 дәрігердің отбасына 10 млн теңгеден берілді

Коронавирус жұқтырған 7,7 мың медқызметкер 2 млн теңгеден өтемақы алды
Фото: ашық дереккөзден

16 қазан сағат 09.00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 6006 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 182 медқызметкердің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірлер арасында COVID-19 жұқтыру немесе вирустық пневмониямен ауыру салдарынан ең көп төлем алған – Нұр-Сұлтан (1246) және Алматы (863), Атырау (645), Қарағанды (552), Шығыс Қазақстан (542) және Ақмола (501) облыстарының медицина қызметкерлері.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге өтемақы, ал коронавирус инфекциясын жұқтырып немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Сұхбат

PhotoRoom