Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

Жаңалықтар
21.10.2020, 10:15

Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында туған

Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Асқар Биахметов ҚР Премьер-министрі кеңсесінің басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында туған. 

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (қаржы және несие), ҚАЗГЗУ (Құқықтану), ҚР Президенті жанындағы МБА ҰМСМ магистратурасын (саясаттану) және Дьюк университетін тәмамдаған.

1993–2004 жж. - облыстық қаржы басқармасында, «Профилакторий» ПК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 

2004–2009 жж. - Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментінің бастығы.

2009–2014 жж. - ҚР Конституциялық Кеңесі бөлімінің меңгерушісі.

2014–2015 жж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры. 

2015–2018 жж. - Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары.

2019–2020 жж. - ҚР Премьер-министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі.

Сұхбат

PhotoRoom