Төтенше жағдайлар министрлігі жазғы дөңгелектерді ауыстыруға кеңес берді

Жаңалықтар
23.10.2020, 15:02

Қараша айында көп өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін

Төтенше жағдайлар министрлігі жазғы дөңгелектерді ауыстыруға кеңес берді

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес берді. Себебі, күз мезгілінің келуіне орай жол-көлік оқиғаларының болу қаупі жиілейді.

«Қазгидромет дерегі бойынша, қараша айында жауын-шашын болып (көбінесе қар), боран соғып, екпінді жел, сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысына ерекше назар аудару қажет», - делінген хабарламада.

Ведомство жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін айтады.  

«Ауа температурасының төмендеуінен, сондай-ақ жауын-шашын болған жағдайда жолдың бетінде көктайғақ болуы мүмкін. Салдарынан жазғы доңғалақтың тежелуі нашарлайды. Осының салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін. Көліктің доңғалағын қысқы шинаға ауыстырмаған жүргізушілер тізгінге ие бола алмай, жолда күтпеген оқыс оқиғаларға тап болуы әбден мүмкін. Осылайша, олар өздерінің және жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді», - деп жазды.

Сұхбат

PhotoRoom