700 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағындағы ақшаның бір бөлігін ала алады

Әлеумет
04.11.2020, 14:05

Мәжіліс зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін пайдалану жөніндегі құжатты мақұлдады

700 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағындағы ақшаның бір бөлігін ала алады
Фото: sputniknews.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыға салынып, депутаттар зейнетақы жинағындағы ақшаның бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін зқұжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов аталмыш заң жобасы қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Заң жобасында азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделу ақысын төлеу немесе жеке қаржы компанияларының басқаруына беру мақсатында пайдалану үшін түзетулер көзделген. Жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін мемлекеттік білім беру кредиті бойынша түзетулер енгізу ұсынылады», - деп түсіндірді министр.

Еңбек және халық әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың мәлімдеуінше, мұндай мүмкіндікке зейнетақы қорында қаржы жинаған 700 мыңнан астам қазақстандық ие болады. Алуға болатын қаржының жалпы көлемі - 1,4 триллион теңге.

Сұхбат

PhotoRoom