Бақауовтың тұсында аудан басқарған экс-әкім қамауға алынды

Жаңалықтар
05.11.2020, 15:09

Ол пайдалану талаптарына сай келмейтін нысанды облыстық бюджет қаржысы есебінен заңсыз сатып алды деген күдікке ілінді

Бақауовтың тұсында аудан басқарған экс-әкім қамауға алынды

Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің хабарлауынша, ведомство Оразгелді Қайыргелдиновке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Ол пайдалану талаптарына сай келмейтін нысанды 240 миллион теңге көлеміндегі облыстық бюджет қаржысы есебінен заңсыз сатып алды деген күдікке ілінді. Оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда», – делінген департамент таратқан мәліметте.

Еске салайық, ҰҚК 2020 жылдың 16 қаңтарында Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовты лауазымын асыра пайдаланды деген қылмыстық іс бойынша ұстаған еді.

17 қаңтарда Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты Болат Бақауовты екі ай мерзімге қамауға алу туралы қаулы шығарды.

19 ақпанда Павлодар соты экс-әкім Бақауовқа қатысты үйде қамауға алу туралы санкция шығарды.

10 сәуірде Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үйқамақ мерзімі 13 мамырға дейін ұзартылды.

27 мамырда Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов 3,5 жылға сотталды.

Сұхбат

PhotoRoom