Шымкент: 38 кәсіпкерге жер телімін беру жөнінде шешім қабылданды

Аймақ
05.11.2020, 10:35

Шымкент қаласындағы қолға алынған тағы бір ауқымды жобалардың бірі – «1000 сауда нүктесі» жобасы

Шымкент: 38 кәсіпкерге жер телімін беру жөнінде шешім қабылданды

Жоба биылғы жылдың мамыр айында жүзеге асырыла бастады. Жобаға сәйкес қала аумағында кәсіпкерлерге байқау негізінде сауда және қызмет көрсетуге арналған киоскілер немесе дүңгіршіктер орнатуға жер телімдері беріледі.

Қазіргі таңда 38 кәсіпкерге жер телімдерін беру жөнінде комиссия шешімі шықты. Жалпы «1000 сауда нүктесі» жобасының ауқымын индустриялды жобамен салыстыруға болады. Мәселен, кәсіпкерлерге 1000 сауда нүктесі берілетін болса, қалаға кем дегенде 3 млрд. теңге инвестиция тартылды деуге болады, кем дегенде 2000 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Жер телімдері кәсіпкерлерге қолайлы шарттармен ұсынылатын болады. Атап айтқанда кәсіпкер жылына шаршы метріне 21 141 теңге төлейді. Сауда нүктелерінің көлемі 6-40 шаршы метр аясында, яғни орта есеппен сауда нүктесінің бағасы жылына 400-500 мың теңгені (айына 35-40 мың теңге) құрайды. Жер учаскесін пайдалану мерзімі – 10 жыл. Кәсіпкерге қойылатын басты шарт – нысан жеңіл конструкциядан салыну қажет және кәсіп түрі бизнес-жоспарға сәйкес болуы тиіс.

Байқауға шығарылатын жер телімдері «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының ресми сайтында (www.openspk.kz) тұрақты түрде жарияланып тұратын болады (шамамен айына 1 рет). Өтінім білдіру үшін кәсіпкерлер «Shymkent Invest» кәсіпкерлерге және инвесторларға арналған үкімет» фронт-офисіне жүгіне алады.

Сұхбат

PhotoRoom