Шымкент: Шалғай елдімекендер инфрақұрылыммен жыл соңына дейін толық қамтылады

Аймақ
10.11.2020, 15:13

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданына шалғай орналасқан елді мекен - «Бадам» тұрғын алабы мен «Сәуле» шағын ауданы

Шымкент:  Шалғай елдімекендер инфрақұрылыммен жыл соңына дейін толық қамтылады
Фото: Серік Қосай

«Бадам» тұрғын алабын электр жарығымен қамту үшін биыл 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, ел игілігіне берілді.

Бұл жөнінде Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов ауданның 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Ғабит Патшаханұлының сөзінше тұрғын алабты ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

-  Табиғи газбен қамту үшін 286,4 млн.теңгеге жобалық жұмыс қаралған. Осы  жылы бюджеттен 50 млн. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмысын мердігер мекеме «Комби Строй 1» ЖШС келісім-шартқа сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр,- деді ол.

Сонымен қатар, аудан әкімі Сәуле шағынауданын (276 орам) биыл инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу мақсатында, «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС келісім-шарт түзілгенін тілге тиек етті.

Аталған нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

-   276 орамды сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сым және қуаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылып, 150 жуық жеке тұрғын үйге электр қуатымен қамтылды,- деді аудан басшысы.

Бұдан бөлек, сапалы ауыз сумен қамтуда демеушілер тарапынан 350 метрге су құбырының қазба жұмысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Сұхбат

PhotoRoom