Шымкент: Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ІТ саласының жобалары таныстырылды

Аймақ
12.11.2020, 13:29

Мұндағы негізгі мақсат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға студенттердің техникалық және кәсіптік білім саласындағы жинақтаған іс-тәжірибесімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар беру

Шымкент: Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ІТ саласының жобалары таныстырылды

Шымкент қалалық Политехникалық колледждің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында оқу орнының үздік студенттері №3 және №4 балалар үйі мен кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімделу орталығының тәрбиеленушілеріне ІТ саласы бойынша жобаларын таныстырды.

Мұндағы негізгі мақсат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға студенттердің техникалық және кәсіптік білім саласындағы жинақтаған іс-тәжірибесімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар беру.

Мәселен, «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының студенті, «WorldSkills-2020» аймақтық чемпионатының І орын жүлдегері Сәкен Ульжебаев «Ақпараттық кабельді байланыс» тақырыбында ІР-камераны оптикалық кабель арқылы қосуды көрсетті. Ал, 4 курс студенттері «WorldSkills 2020» қатысушылары Ыдырыс Дүйсенбаев, Бахтияр Эсимов «Lego Mindstorms» платформасында өздерінің Робокран, Робоскелет, Робомашина жобаларын таныстырды.

Аталмыш іс-шараны колледж ұжымы қайырымдылық акциясымен аяқтады.

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom