Шымкент: Қаратау ауданының 73,7 пайызы табиғи газбен қамтылған

Аймақ
21.11.2020, 10:36

Ауданда жыл басынан бері су жиналатын көшелерге, яғни, ұзындығы 5,6 шақырымға ирригациялық арық орнатылған

Шымкент: Қаратау ауданының 73,7 пайызы табиғи газбен қамтылған

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.

– Биыл Қаратау ауданында Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Тұран, Достық, Асар-2 және Азат шағынаудандарында табиғи газбен жабдықтау бойынша ішкі орамдық жүйелердің құрылыс жұмыстары басталды. Аталған жұмыстар аяқталса, табиғи газбен қамтылған елді мекендер көрсеткіші 85 пайызды құрайды, – деді А.Әліқұлов.

Спикердің айтуынша, ауданда 47 202 тұрғын үйдің 73,7 пайызы табиғи газбен қамтылған. Сондай-ақ, қаладағы АГРЭС-3 бойынша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Айта кетейік, ауданда жыл басынан бері су жиналатын көшелерге, яғни, ұзындығы 5,6 шақырымға ирригациялық арық орнатылған.

 

Сұхбат

PhotoRoom