Шымкентте 262 көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр

Аймақ
04.12.2020, 19:37

Жыл соңына дейін 911 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Шымкентте 262 көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

– Жолдауда азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты екені айтылды. Осыған орай қалада алаңы 1 млн шаршы метрден астам 14 224 пәтерлі 262 көп қабатты тұрғын үй салынуда. Атап айтқанда, жеке салушылар есебінен 6 147 пәтерлі 126 көп қабатты тұрғын үй салынуда. Жыл соңына дейін 911 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріледі, – деді қала әкімі.

Мұрат Дүйсенбекұлының сөзінше, үшінші мегаполисте бюджет есебінен 8 077 пәтерлі 136 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Ал жыл соңына дейін 280 пәтерлі 5 арендалық және 4 461 пәтерлі 77 кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Сұхбат

PhotoRoom