Тоғыз жолдың торабында орналасқан Шымкент қаласында 92 гектар жерге сауда-логистикалық аймағы құрылды
Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
– Мемлекет басшысы Жолдауда елімізде қойма және көлік инфрақұрылымын дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай тоғыз жолдың торабында орналасқан Шымкент қаласында 92 гектар жерге сауда-логистикалық аймағы құрылды. Мұнда қазір екі компания қызмет етуде, - деді қала әкімі.
Мұрат Дүйсенбекұлының мәлімдеуінше, одан бөлек, қалада тағы да 3 логистикалық жобаның құрылысы жүргізілуде.