Шымкентте жыл соңына дейін 280 арендалық, 4 461 кредиттік пәтер үлестіріледі

Аймақ
05.12.2020, 20:07

Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Шымкентте жыл соңына дейін 280 арендалық, 4 461 кредиттік пәтер үлестіріледі

Бүгінде шаһарда алаңы 1 млн шаршы метрден астам 14 224 пәтерлі 262 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы салынуда. Оның ішінде,  жеке кәсіпкерлер есебінен 6 147 пәтерлі 126 көпқабатты тұрғын үй де бар.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысы Жолдауының орындалуы жөнінде өткізген баспасөз брифингте баяндады.

–Президент Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен баспана мәселесіне тікелей байланысты екенін айтқан болатын.  Осы орайда Шымкент қаласында баспанамен қамту үшін тұрғын үй құрылысына назар аударып отырмыз. Бюджет есебінен 8077 пәтерлі 136 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 280 пәтерлі 5 арендалық, 4 461 пәтерлі 77 кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған,-деді М.Әйтенов.

Мұрат Дүйсенбекұлының сөзінше биыл қалада құрылыс жұмысы бойынша жақсы көрсеткішке қол жеткізген. 10 айда 90,6 млрд теңгеге құрылыс жұмысы жүргізіліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 164,2 пайызға жеткен. 

Тегтер:
Шымкент

Сұхбат

PhotoRoom